Оқиға • 11 Маусым, 2021

Жамбыл облысында атыс болып, 1 адам қаза тапты

797 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында бірнеше адам төбелесіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында атыс болып, 1 адам қаза тапты

9 маусым күні сағат 21.20-да Меркі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз адамдар шаруа қожалығына келіп, ағасын атып өлтіргені туралы хабар берген.

Полиция оқиға орнына жедел жетіп, мән-жайды анықтаған. Белгілі болғандай, шаруа қожалығының иесі мен үш жергілікті тұрғын арасында жанжал туып, тұрғындардың бірі мылтықпен қожалық иесіне оқ атқан.

Алайда ер адам жарақат алғанына қарамастан, көлігімен оларды қуып жетіп, екінші көлікті әдейі соққан. Салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, ал оның жолаушысы жарақат алды.

Атылған оқтан аяғы мен қолы жараланған қожалық иесі Меркі ауылының орталық ауруханасына жатқызылды.

Полицейлер төбелеске қатысқандардың бәрін ұстады, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Істің мән-жайы анықталуда.