Аймақтар • 08 Маусым, 2021

Атырауда вакцина салдырғандар саны 60 мың адамнан асты

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 60 мың адамнан асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда вакцина салдырғандар саны 60 мың адамнан асты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек,  7 маусымда 918 адам «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарының І компонентін салдырыпты.

«Атырау облысында тұрғындарды вакциналау үшін ашылған 31 стационарлық, 10 жылжымалы бекет тұрақты жұмыс істеп тұр. Өткен бір тәулікте Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина алғандардың арасында 15 медицина қызметкері, 44 педагог, 9 құқық қорғау органдарының өкілі, 2 полицей, 4 мемлекеттік қызметкер, созылмалы аурумен ауыратын 4 адам, 830 тұрғын мен арнайы мекеменің 1 өкілі, 9 студент бар. Өңірде 1 ақпан мен 7 маусым аралығында «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарының І компонентін салдырғандар саны 60 818 адамға жетті. Вакциналардың ІІ компонентін 22 767 адам салдырды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше