Оқиға • 04 Маусым, 2021

Алматы-Қорғас тас жолында көлік өртеніп, екі адам жанып кетті

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы-Қорғас жолында көлік өртеніп, екі адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы-Қорғас тас жолында көлік өртеніп, екі адам жанып кетті

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі автокөліктің 3 маусымда Еңбекшіқазақ ауданындағы Алматы-Қорғас тас жолының 82-ші шақырымында өртенгенін растады.

«Ақпарат сағат 17.59-да келіп түсті. Оқиға орнына дереу төрт қызметкер мен бір техника жетті. Сондай-ақ  өрт сөндіру бекеті оқиға орнынан 45 шақырым қашықтықта болған. Көліктен екі жолаушының өртеніп кеткен денесі табылды. Өрттің себебі анықталып жатыр», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себебін анықтау үшін оқиға орнына өрт-сынақ зертханасы шақырылғанын атап өтті. Оқиғаның мән-жайын тиісті органдар тексеріп жатыр.