Әлем • 03 Маусым, 2021

NASA Шолпанды зерттеуді қайта қолға алады

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ ғарыш агенттігі 30 жылдық үзілістен кейін Шолпан ғаламшарын зерттеуді қайта қолға алмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

NASA Шолпанды зерттеуді қайта қолға алады

Бұл туралы NASA-ның жаңа басшысы Билл Нельсон мәлімдеді. Осы мақсатта агенттік Күн жүйесіндегі ең ыстық ғаламшарға Davinchi+ және Veritas деп аталатын екі ғарыш апппаратын аттандыруы мүмкін. Davinchi Шолпанның атмосферасын зерттеп, ғаламшарда мұхиттың болған болмағанын анықтаумен айналысса, Veritas оның бет-бедерін суретке түсіріп, геологиялық картасын құрумен шұғылданатын болады. Қос миссия 2028-2030 жылдарға жоспарланған.

«Бұл миссиялар біздің жер шарымыздың қалай дамығанын және күн жүйесіндегі өзге ғаламшарлардан өзгешелігін түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз. Астрономия бұл сұрақтарға жауап іздегенде маңызды рөл атқарады», дейді NASA басшысы Билл Нельсон

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше