Алматыда Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында “Орталық Азия қауіпсіздігінің қауіп-қатерлері” атты дөңгелек үстел болып өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа қатысып, сөз сөйледі.
Көпшілікке белгілі, бүгінгі таңда жаһандық және аймақтық қауіпсіздік жүйесін нығайтып, бұл бағыттағы іс-шараларды одан әрі жетілдіру маңыздылығы жоғары мақсатқа айналуда. Бұл орайда әлемдегі халықаралық лаңкестік пен экстремизм, қару-жарақ сауда-саттығы, есірткі тасымалдау, заңсыз көші-қон және мемлекетаралық ұйымдасқан қылмыс ауқымының уақыт өткен сайын кеңеюі Орталық Азия аймағының елдері үшін үлкен қауіп-қатер болып қала беруде. Әсіресе, көршілес орналасқан Қырғызстан мемлекетінде орын алған тұрақсыздық аймақтағы жағдайды күрделендіре түсуде.
Міне, бүгінгі күн тәртібінде тұрған бұл мәселелер жөнінде “Орталық Азия қауіпсіздігінің қауіп-қатерлері” атты дөңгелек үстелге қатысушылар жан-жақты пікір алмасты. Ауғанстандағы әлеуметтік және саяси жағдай, Қырғызстандағы бүгінгі күнге дейін сақталып отырған тұрақсыздық көпшілікті қатты алаңдатуда. Бұл аймақтардағы этносаралық, конфессияаралық қарама-қайшылық өткір күрделілік болып отырғандығы жасырын емес. Мұндай қауіп-қатерге қарсы тұрып ықпал ету үшін аймақтағы елдердің бірлескен әрекеті қажет болуы да мүмкін. Солардың ішінде ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы және аймақтық көшбасшы ретінде Қазақстан бұл түйткілді шешуге баса назар аударуда. Мұндағы стратегиялық басты мақсат — Орталық Азия аймағын халықаралық қатынастардың тең құқылы субъектісі ретінде қалыптастыру. Дөңгелек үстел басындағы кездесуде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов Мемлекет басшысының бұл бағыттағы игі бастамаларын тілге тиек етті.
ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа дөңгелек үстелден кейін БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Онда ол бұл ұйымның осындай қауіп-қатерлі жағдайларды реттеудегі атқаратын ықпалды іс-шаралары төңірегінде сөз қозғады. Қазіргі кезде бұл ұйымның құрамында шамамен алғанда қатысушы елдердің жиырма мыңға жуық әскери қызметкерлері бар. Олар әскери шиеленістерге қарсы тұрып, арнаулы операциялар да жүргізеді. Оның ішінде, әрине, есірткіге қарсы атқарылатын іс-шаралар да бар. Н.Бордюжаның айтуынша, жақын арада Тәжікстанда, жыл аяғына дейін басқа да республикаларда арнаулы операциялар өткізіледі.
– Қырғызстан туралы айтсам, менің ойымша, ондағы жағдайға әскерилердің кірісуі орынсыз сияқты. Бұл қырғыз халқының ішкі ісі, сондықтан да оған шетелдіктердің араласуының орны жоқ. Келешекте қырғыз халқының билік жүйесін өздері анықтап, жақын арада онда мемлекеттік жүйе азаматтардың демократиялық бостандығына сәйкес қалыпқа түсетініне сенімдіміз, – деді Николай Бордюжа өз ойын ортаға салып. Ол, сонымен қатар, Қазақстандағы ынтымақтастық және экономикалық-әлеуметтік даму жөнінде де өз пікірін білдірді. Ол бұл орайда Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің ұжымдық күш құру жөніндегі бастамаларын атап көрсетіп, мұның өзі қазіргі таңдағы ең ықпалды шешім екендігін де атап айтты.
Бақыт БАЛҒАРИНА.
АЛМАТЫ.

Астанада екінші ауысымның оқушылары да қашықтан оқитын болды
Білім • Бүгін, 11:01
900 орын және STEAM-зертхана: Рудный қаласында жаңа мектеп ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
Қараңғыда көрсетілетін картиналар: Қарағандыда ерекше көрме ашылады
Аймақтар • Бүгін, 10:45
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 10:42
Чесноков Шотландияның «Хартс» сапында алғаш рет негізгі құрамда өнер көрсетті
Футбол • Бүгін, 10:38
Ақтөбе облысында жолда қалып қойған 400 жолаушы пойызбен тегін жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:27
Қамчыбек Ташиев: Қызметтен босатылу мен үшін күтпеген шешім болды
Саясат • Бүгін, 10:15
Қазақ әйелдерінің ғылымдағы үлесі қандай?
Әйел әлемі • Бүгін, 10:07
Алматы облысында бір отбасы үйін күн панельдері арқылы жылытып отыр
Алматы • Бүгін, 10:01
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Елтаңбаны балғамен ұрып, Туды өртеген: Павлодардағы мектепте болған оқиға жұртты шошытты
Аймақтар • Бүгін, 09:48
Қарлы боран, көктайғақ, қатты жел: 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Қысқы Олимпиада: Отандастарымыздың бүгінгі жарыс кестесі жарияланды
Қысқы спорт • Бүгін, 09:27
Бүгін Астанада бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды
Білім • Бүгін, 09:16