Аймақтар • Бүгін, 10:35

Қараңғыда көрсетілетін картиналар: Қарағандыда ерекше көрме ашылады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласындағы «Алтын ғасыр» галереясында ерекше форматтағы көрме көпшілікке жол тартады. Авторлық жаңа техникамен салынған картиналар жартылай қараңғы кеңістікте ұсынылып, көрерменге өзгеше әсер сыйламақ, деп жазады Egemen.kz.

Қараңғыда көрсетілетін картиналар: Қарағандыда ерекше көрме ашылады

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Құпияға құрылған тұжырымдама

Көрменің креативті идеясын қарағандылық суретші Дмитрий Кецман ұсынған. Ол қараңғыда бейнені айқындай түсетін өзіндік көркемдік әдісін әзірлеп, оны Phosphorescent shadow body деп атаған.

Суретші жаңа техниканың қыр-сырын әдейі жария етпейді. Оның айтуынша, шығармашылықтағы белгісіздік көрермен қызығушылығын күшейтіп, экспозицияның айрықша атмосферасын қалыптастырады.

«Экспозицияға деген қызығушылықты сақтайтын құпия болуы керек деп ойлаймын. Залда мүлде қараңғылық орнамайды, тек қою жартылай қараңғылық болады. Сол себепті келушілерден қара немесе қою түсті киіммен келуді өтінеміз – бұл олардың көзге түспей, жалпы көркем кеңістіктің бір бөлшегіне айналуына мүмкіндік береді», деді Дмитрий Кецман.

Ұлытауда отбасылық сурет көрмесі өтті

Әртүрлі тақырып, ортақ техника

Экспозицияға қойылған туындыларды мазмұны емес, орындалу тәсілі біріктіреді. Картиналардың тақырыбы мен идеялық шешімі сан алуан. Әрбір шығарма өзіндік көңіл күй мен терең мағынаны арқалап, көрерменді жеке әсерге бөлейді.

Айта кетейік, Дмитрий Кецман – қарағандылық қылқалам шебері, Ұлыбританиядағы Таланттардың жаһандық конфедерациясының алтын серіктесі, Мәскеудің Халықаралық суретшілер одағының мүшесі. Ол – көптеген халықаралық фестивальдер мен байқаулардың лауреаты. Бұл көрме – суретшінің «Алтын ғасыр» галереясындағы үшінші жеке шығармашылық кеші.

Көрменің салтанатты ашылуы 14 ақпанда сағат 18:00-де өтеді. Кіру тегін. Өнерсүйер қауым экспозицияны 19 ақпанға дейін тамашалай алады.

Алматыда жас таланттардың сурет көрмесі ашылды

Соңғы жаңалықтар