Футбол • Бүгін, 10:28

«Миссиямды орындадым»: Роберт Левандовски «Барселонадан» кететінін мәлімдеді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барселона» клубының шабуылшысы Роберт Левандовски каталониялық ұжымнан кететінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Миссиямды орындадым»: Роберт Левандовски «Барселонадан» кететінін мәлімдеді

Фото: Ашық дереккөз

Польшалық форвард каталониялық клуб сапында төрт маусым өткізіп, одан кейін командамен қоштасып отыр. Ол осы уақыт ішінде 191 матчқа қатысып, 119 гол соқты. «Барселонамен» бірге шабуылшы Испанияның үш дүркін чемпионы атанып, ел Кубогін және үш рет Испания Суперкубогін жеңіп алды.

37 жастағы футболшы бұл шешімі туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Сынақтар мен ауыр жұмысқа толы төрт жылдан кейін алға жылжитын уақыт келді. Мен өз миссиямды орындадым деген сезіммен кетіп барамын. Алғашқы күннен бастап жанкүйерлерден көрген махаббатты ешқашан ұмытпаймын. Каталония – менің жер бетіндегі мекенім. Осы төрт тамаша жыл ішінде жолықтырған жандардың барлығына рақмет», деп жазды Левандовски.

Сондай-ақ шабуылшы клуб президенті Жоан Лапортаға «Барселонаның» бір бөлшегі болуға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғыс айтты.

Бұған дейін Испания премьер-министрінің Палестина туымен шыққан «Барселона» ойыншысын қолдағанын жазған едік.

Естеріңізге сала кетейік, 15 жастағы қазақстандық шабуылшы Кәрім Меңдіқанов «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды. 

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 09:27