Фото: olympic.kz/Данияр Майлыбаев
Бүгін жүлдеге таласатын ел спортшылары:
Шаңғы қоссайысының кіші трамплиніндегі 10 км қашықтықта Шыңғыс Рақпаров өнер көрсетеді. 14:00-де сайыстың іріктеу кезеңі өтсе, финалдық бәсеке 17:45-ке жоспарланған.
15:00-де фристайл-могулдан әйелдер бәсекесі басталады. Бұл сында ел намысын Аяулым Әміренова, Юлия Галышева мен Анастасия Городко қорғайды. Отандастарымыз іріктеуден іркілмей өтсе, 18:15-те финалда өнер көрсетеді.
18:15-те биатлонның жекелей жарысы өтеді. Спорттың бұл түрінен Айша Рақышева мен Милана Генева жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, кеше мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 5-ші орынға тұрақтады.