Экология • 22 Қаңтар, 2021

Желіде Балқаштағы өлі балықтардың видеосы тарады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балқаштағы өлі балықтар туралы тараған видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде Балқаштағы өлі балықтардың видеосы тарады

«Біздің балықшылар балық аулайды. Кеше олар торларды тексерді. Ал біз қашан қармаққа түсіреміз деп балықтардың өскенін күтіп жүреміз. Бұлай бола берсе, олар ешқашан өспейді. Біздің балық инспекциямыз қайда?» дейді видеодағы ер адам.

Осы орайда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері браконьерлер Балқаштан 119 келі балық алуға тырысқанын айтты.

«Балқаш көлінде жедел рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Балқаш ауданы Құйған ауылы мен Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының екі тұрғыны Nissan және Волга 3110 маркалы көлік жүргізушілерін ұстады», деді министрлік өкілдері.

Олардың айтуынша, балық ресурстарына алдын ала келтірілген шығын 225 мың теңге. Алынған балық сот шешімі шыққанға дейін сақтауға тапсырылған-ды.

Соңғы жаңалықтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Есеп. Естелік. Ереже

Ғылым • Бүгін, 08:20

Ғалымын қолдаған ел озады

Ғылым • Бүгін, 08:15

Тектінің тұяғы

Руханият • Бүгін, 08:10

Бакуден басталған үн

Тарих • Бүгін, 08:07

Математиктің рухани беделі

Қоғам • Бүгін, 08:03

Театрдағы тапқырлық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жансебіл жазушы

Руханият • Бүгін, 07:55

Картинадағы тағдыр

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Ең қымбат жарнама

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45