Ғалам ғажаптары • 09 Қаңтар, 2026

Мандела эффектісі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейде бір ғана адам емес, тұтас қоғам, тұтас буын өтірікке шындай сеніп, болмаған оқиғаны болды деп жүреді. Бұны Мандела эффектісі деп атайды.

Мандела эффектісі

Сурет ашық дереккөзден алынды

Бұл – 80-жылдары «Мандела өлді» деген жалған қауесет пен қиялды сипаттаған атау. Бұл бірнеше факторға байланысты. Біріншіден, ми бос жерді өзі толтырады – конфабуляция арқылы оқиғалар өңделіп, бұрмаланған нұсқа шындық сияқты есте қалады. Екіншіден, көпшіліктің қысымы адамдарға қателікті қабылдатуы мүмкін. Жиі қайталанатын және көпшілік қолдайтын ақпарат ақиқат сияқты көрінеді. Үшіншіден, интернет пен әлеуметтік желілер өтірік ақпаратты тез таратып, оны ұжымдық санаға сіңіреді. Одан қорғану үшін сыни ойлауды дамыту, ақпаратты сенімді дереккөздерден тексеру, ашық сұрақтар қою маңызды. Адамның жады – бейнетаспа емес, тірі ағза. Ол илануға, мәдени шаблондарға, ортаның қысымына өте осал.

 

Соңғы жаңалықтар