Спорт • 01 Шілде, 2020

Көркем гимнастикадан әлем кубогінің жарыс кестесіне өзгеріс енгізілді

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 індетіне байланысты Олимпиада ойындары кейінге шегерілгеннен кейін Халықаралық гимнастика федерациясы жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізді, -деп хабарлайды Olympic.kz.

Көркем гимнастикадан әлем кубогінің жарыс кестесіне өзгеріс енгізілді

Жаңартылған күнтізбеге сәйкес, көркем гимнастикадан бірніші әлем кезегінің өтетін уақыты белгілі болды. Бастапқыда аталған додалар кейінге шегерілген болатын. Нәтижесінде, барлық кезең биыл өткізілмейтін болып, 2021 жылға ауыстырылды.

Жаңартылған кесте бойынша әлем кубогінің өтетін мерзімдері келесідей: - София (Болгария) - 9-11 сәуір, 2021 жыл;  - Ташкент (Өзбекстан) - 16-18 сәуір, 2021 жыл; - Баку (Әзірбайжан) - 7-9 мамыр, 2021 жыл; - Песаро (Италия) - 28-30 мамыр, 2021 жыл.