Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Шымкент қаласының әкімі: Егемен елдің ен байлығы - бірлігі

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Шымкент қаласының әкімі: Егемен елдің ен байлығы - бірлігі

«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз елдің тұмары - татулық пен тұтастық. Егемен елдің ен байлығы - бірлігі. Қазақстан халқы бір тудың астында бір мақсатпен бірігіп берекесін бекемдеп, ынтымақпен ырысын арттырып отыр. Әсіресе қазіргідей әлемді әбігерге салған қауіпті дертпен күресте түсіністікпен тұтастығымызды айғақтап отыр. Осындай қастерлі құндылықты ұғына білген әрбір азаматқа алғыс айтамын. Бірлігі күшті ел азбайды. Ырыстың қазығы ынтымақты сақтап қаланың көркеюіне, еліміздің өркендеуіне жұмыла атсалысарымыз анық.

Қымбатты Шымкент қаласының тұрғындары! 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні сіздерге зор денсаулық, амандық, құт-береке тілеймін! Достық пен бауырмалдық, бірлік пен тұтастық елім деп соққан жүректердің ұраны! Бір мақсат, бір болашақ жолында бірлігіміз беки берсін», - деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше