Фото: Қорғаныс министрлігі
Алматы қаласында өткен кезекті оқу-жаттығу жиындарына Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизондарынан келген 35 әскери қызметші қатысты. Бір апталық курс Қорғаныс министрлігі Әскери медицина орталығының тәжірибелі нұсқаушыларының басшылығымен ұйымдастырылды.
Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық меморандумын жасады
Тактикалық медицинаға басымдық
Оқу бағдарламасы тактикалық медицина бойынша теориялық және практикалық сабақтарды қамтыды. Қатысушылар жараланған адамның жағдайын жедел бағалау, қан кетуді тоқтату, постгеморрагиялық шок кезіндегі іс-қимыл, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру және жүрек-өкпе реанимациясының негізгі тәсілдерін меңгерді.
Практикалық сабақтар арнайы жабдықталған жаттығу алаңдарында өтті. Әскери қызметшілер медициналық құралдарды пайдалана отырып, өзіне және өзгеге көмек көрсету дағдыларын пысықтады. Оқу қорытындысында барлық қатысушы емтихан тапсырып, тиісті сертификаттарға ие болды.
Еліміздің қорғаныс саласында қандай цифрлық шешімдер енгізілген?
Алғашқы минуттардың маңызы
Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының медицина қызметінің бастығы, медицина қызметінің подполковнигі Ильзат Мусаев парамедиктердің рөлін ерекше атап өтті.
«Жарақат алған кезде болатын өлім-жітімнің басым бөлігі алғашқы он минутта болады. Сондықтан әскери қызметшінің жанында дайындалған парамедиктің болуы шешуші мәнге ие», деді ол.

Әскери парамедиктерді даярлау Десанттық-шабуылдау әскерлерінің медициналық қамтамасыз ету жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі. Бұл жұмыс жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтауға тікелей бағытталған. Айта кетейік, 2023 жылдан бері аталған әскер түрінде 300-ден астам парамедик даярланған.