Фото: ҰОК
Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әлем чемпионатының қола жүлдегері жерлесіміз Павел Колмаков бақ сынап, 76.24 ұпаймен 9-шы орынға тұрақтады.
29 спортшы қатысқан сайыста үздік ондықтың қатарына енген спортшы финалға тікелей жолдама алды. Сәйкесінше Павел Колмаков та фристайл-могул финалында жүлдеге таласады.
Ал финалдық бәсеке 12 ақпанға жоспарланған.
Қазақстан телеарналары қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
Айта кетейік, бүгін қысқы Олимпиаданың жарыс жолына шорт-трекшілер мен шаңғышылар да шықты. Өкінішке қарай, бұл сындарда отандастарымыз келесі кезеңге өте алмады.