
«Америка тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.