Қоғам • Бүгін, 11:19

Қазақстанда «Абай» есімді қанша адам бар?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толады. Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросы оның есіміне қатысты қызықты статистикамен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Қазақстанда «Абай» есімді қанша адам бар?

Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады. Олардың ең көбі Астана қаласында (2 089 адам), Түркістан облысында (2 018) және Алматы қаласында (1 719).

Олардың ішіндегі ең жасы үлкені 1932 жылы туған. Абай есімі ең көп таралған жас тобы — 30–34 жас аралығы, бұл санатта 3 228 адам бар. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 157 жаңа туған сәбиге Абай есімі берілген.

Бұл есім қыз балаларға да қойылған — Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген. Ал Ибраһим есімімен (оның ішінде Ибрагим және Ибрахим нұсқаларымен) елімізде 35 404 адам өмір сүріп жатыр.

Жалпы елімізде ұлы ақынның есімімен аталған 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл бар.