Аймақтар • Бүгін, 10:49

Түркістан облысында егіс алқаптары тексерілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, өңірдегі егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету барысын тексеріп, өңірдегі су шаруашылығы жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында егіс алқаптары тексерілді

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Нақты атағанда, министр Шардара су қоймасын аралады. Содан кейін  «Достық» мемлекетаралық каналының жұмысын тексерді. Бүгінде Жетісай және Мақтаарал аудандарына су осыған дейін жасалған халықаралық келісімдерге сәйкес жеткізіліп отыр. Диқандарға су кезекпен беріліп жатыр. Бұл ретте каналдың төменгі ағысындағы шаруа қожалықтарына басымдық беріледі.

Сала министрлігінің мәліметінше «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы суды өткізу жағдайын жақсарту мақсатында Түркістан облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы «Машиналық әдіспен су көтеру каналында» механикалық тазарту жұмыстарын жүргізген.

Нұржан Нұржігітовтің айтуынша ведомство облыста судың берілуі мен бөлінуіне тәулік бойы бақылау жүргізіп отыр.

«Біз жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс істеп, көрші елдердегі әріптестермен тұрақты байланыстамыз. Өңірдегі су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіп отыратын жұмыс топтары құрылды. Басты міндетіміз – ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан, су жеткізу бойынша келісімшарт жасасқан шаруалар алдындағы міндеттемелерді орындау», деді министр Н.Нұржігітов.