
Шара барысында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері өз жетістіктерімен бөлісіп, «Smart sarbaz» көрмесі ұйымдастырылады. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрілігі өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәжіліс депутаты, халық қаһарманы Бақытжан Ертайұлы, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек, сондай-ақ олимпиада чемпиондары мен эстрада жұлдыздары қатысады.