
Осыған байланысты, Шелл минералдық және мұнай-газ ресурстарын тұрақты толықтыру және дайындау үшін жағдай жасау бойынша Республика алға қойған міндетті толық қолдайды.
«Мұны Үкімет, халық және инвесторлар арасындағы тығыз ынтымақтастық арқылы ғана жүзеге асыруға болады деп есептейміз. Біз үшін тұжырымдаманың Үкіметтің жер қойнауын пайдаланудың нормативтік-құқықтық базасын инвесторлар құқықтарының сақталуына кепілдік беру, олардың күрделі инвестицияларын қорғау, сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді оңайлату тұрғысынан жетілдіру жөніндегі міндетін, мысалы, инвесторлар үшін “бір терезе” қағидатын енгізу бөлігінде айқындайтыны өте маңызды», — деді Э, Мерфи.
Оның айтуынша, Қазақстанның мұнай және газ өндіруші ірі елдер арасында өз позицияларын жақсарту әлеуеті бар, бұл өз кезегінде ең озық технологияларды енгізумен белсенді геологиялық барлау жұмыстарына елеулі инвестиция тартуды талап етеді.