Экономика • 17 Ақпан, 2020

Қазақстандық тұз экспортының көлемі 61 есеге артты

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылы елімізде 260 мың тоннадан астам тұз өндірілді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға артық. Тұзбен ішкі нарықты қамтамасыз ету 2019 жылы 143 %-дан (243 мың тонна) асқан болатын. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық тұз экспортының көлемі 61 есеге артты
Қазақстанда өткен жылы ас тұзы экспортының күрт өсуі тіркелді. 11 ай ішінде шет елге 6,3 млн АҚШ доллары сомасына 85 мың тоннаға жуық минерал жөнелтілді. Тауардың басым бөлігі Ресей Федерациясы мен Қырғызстан еліне сатылған.

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2018 жылдың 11 айында экспортқа 102 мың долларға 3 мың тонна шығарылған екен.  

Естеріңізде болса, өткен жылдың күзінде интернетте қазақстандық тұзда белгісіз қоспалар, оның ішінде шыны бар деген ақпарат таралған еді.

Өндіруші «Славяночка» тұзында табиғи минералдардан тұратын ерімейтін тұнба барын және ол адам ағзасына қауіпсіз екенін мәлімдеп ресми ақпарат берген.

Сондай-ақ ЕАЭО аумағында таралатын барлық ас тұзын тәуелсіз аккредитациясы бар зертханалар тексеріп, сәйкестік декларациясын беріп отырады.
Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025