Қазақстан • 14 Ақпан, 2020

Telegram қосымшасы әлем бойынша істемей қалды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Telegram қолданушылары сервердің қызып кетуіне байланысты әлеуметтік желінің жұмыс істеуінде қиындықтарға тап болуда. 

Telegram қосымшасы әлем бойынша істемей қалды

Кеше Қазақстанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кешкі сағат 18:00 шамасында мессенджерде проблемалар пайда болды. 

Қолданушылардың дені қосымшаны іске қосқан кезде желіге қосыла алмайды. Ал кейбірі хабарлама жібере алмай отыр.

Downdetector сервисі пайдаланушылардың 41 проценті желіге қосыла алмай отырғанын тіркеген. Ал 35 проценті хабарлама жолдау және алуда қиындық туындағанын, 21 проценті өз парақшаларына кіре алмай отырғанын хабарлаған.

Сол сияқты, Еуропа тұрғындары Мысыр, Кувейт, орталық америкалық Сальвадорда Telegram «құлағанын» мәлімдеген. Аталған әлеуметтік желі Қазақстан мен Ресейде де жұмыс істемей тұр.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025