Ең қысқа әңгіме • 17 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ырысбек Дәбей

1053 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрғақ жиде 

Әке мен бала жол үстінде келе жатты. Әке қырықтан асқан, бала жетіде. Көп ішіндегі кенже. Әке «Сынық таға» туралы әңгімені айтып болды да:

Ең қысқа әңгіме. Ырысбек Дәбей

 

-Есіңде болсын, балам. «Керекті тастың ауырлығы жоқ» деген сол», - деп мұртын сұқ саусақ, бас бармағымен басып-басып қойды.

-Ауыр тастың керегі жоқ, - деп тақ ете қалды баласы.

Оның таңдайы тұтқыр, құрғақ жиде татығандай болды. Әкесіне қарап, әлсіз жұтынды. 

Әкенің күн қақтап, тотыққан жүзіне мақтаныш сезімі ойнап шыға келді. 

 

Ырысбек Дәбей