16 Наурыз, 2010

ӘРІПТЕСТІК ТЕТІГІН НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДА

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Босния және Герцеговинаның сыртқы істер министрі Свен Алкалаймен  кездесіп, екі елдің әріптестік байланысын жандандыру мәселесін талқылады. Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы дипло­матиялық байланыстың негізі 1996 жылдың 20 желтоқсанында қа­ланған болатын. Сол уақыттан бері сан саланы қамтитын әріп­тестік тетігі өз деңгейінде ор­ныққан. Дегенмен, Еуропадағы ша­ғын ғана елдің экономикалық әлеуеті шек­теулі. Оған төмендегі мә­лімет дә­лел. Мәселен, Қазақ­станның Ста­тистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2009 жылы екі мемлекет арасындағы сауда айналым 137,7 мың АҚШ долларын құраған екен. Оның 0,7 мың АҚШ доллары – экспорт, 137,0 мың АҚШ доллары импорт болып табылады. Екіжақты кездесу кезінде  Мем­­лекеттік хатшы – Сыртқы іс­тер министрі Қанат Саудабаев пен Бос­ния және Герцеговина Сырт­қы істер министрі Свен Алкалай қос мемлекеттің өзара ынты­мақ­тастық байланысын нығайтатын көп­теген мәсе­ле­лер­ді жан-жақты талқы­лады. “Бұл мәселелердің маңызы Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ сияқ­ты ха­лық­ара­лық беделді Ұйымға төраға­лы­ғы ке­зінде  тіпті арта түспек. Бұл рет­те біз өз тара­пы­мыздан ба­рын­ша қолдау көр­се­тудеміз. Әрине, эко­номикалық және сая­си мә­се­ле­лер­дегі әріп­тес­тікті да­мытудың рөлі айрықша. Себебі, екі мем­ле­кет ұзақ жыл­дар­дан бері достық қарым-қатынасты берік ұстанып келеді. Мұндай бай­­ланыс ке­ңес­тік кезеңнен бас­тау алған”, деді С.Ал­калай. Сон­дай-ақ, ол Қазақ­стан Пре­зи­ден­тінің ЕҚЫҰ сам­­митін өт­кізу ту­ралы бас­тамасын қол­дай­тынын жеткізді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.