Фото: kolesa.kz
Өтінім беру процесі бірнеше минутта жүзеге асады.
Көлік нөмірін таңдау: 5 қаңтардан бастап кез келген әріп пен санды сатып алуға болады
Пайдаланушы қосымшаға кіріп, сервисті таңдап, қалаған комбинациясын жазады. Жүйе автоматты түрде оның статусын (бос немесе бос емес) көрсетеді. Нөмірді ешкім таңдамаса, төлем жасап, алып кететін бөлімшені таңдауға болады. Таңдаған комбинация бос болмаса, жүйе басқа нөмір енгізуді ұсынады. Сервис аймақты өтінім берушінің тіркелген жеріне сәйкес автоматты түрде анықтайды.
Тапсырыс бергеннен кейін көлік иесі арнайы ХҚКО-ға барып, техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмірді ала алады.