Өнер • 06 Ақпан, 2026

Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Ұлттық музейде Суретшілер одағының мүшелерінің қатысуымен Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған «Ата заң – жарқын өмір кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды басқосуға 60-тан астам қатысушы жиналып, шығармашылық қауым өкілдері Ата заңның жаңа жобасын қолдайтындарын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген көрнекті суретші, «Астана қаласы Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Өмірәлі Исмаилов Конституцияның қоғам өміріндегі маңызына тоқталды.

Жазушылар жаңа Конституцияның рухани өзегін талқылады

«Ата заң – жарқын өмір кепілі» тіркесі жай ғана ұран емес. Ол қоғам дамуының іргетасын қалайтын негізгі құндылықтарды, адам қадір-қасиетін, еркіндік пен жауапкершілікті айқындайды», деді ол.

Конституция жобасы партиялық пікірталас тақырыбына айналды

Жиында Ақмарал Ибраева, Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, жаңа Конституция жобасының мазмұнына ерекше назар аударды.

«Конституция – мемлекеттің тұрақтылығының, болашағы мен кепілінің негізі. Жаңа жобаға өнер, ұлттық құндылықтар және тарихи-мәдени мұраға қатысты маңызды ұғымдардың енуі – аса құнды бастама», деді ол.

«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды

Дөңгелек үстел барысында танымал суретшілер Жаңа Конституция жобасына қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, оның Қазақстанның дамуына, әсіресе өнер мен мәдениет саласына тың серпін беретініне сенім білдірді. Қатысушылар конституциялық реформалардың рухани кеңістікті жаңғыртудағы мәнін де ерекше атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Кеше