Фото: ашық дереккөз
Қаржы пирамидасының қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылып, олар 25 млрд теңгеден астам қаражат салған.
Көп жағдайда қаржы қаражаттары жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар тарапынан жеке мақсаттарға пайдаланылған. Сонымен қатар қылмыстың ізін жасыру мақсатында қаражаттың есебі әдейі жүргізілмеген.
Абай облысында 6,8 млрд теңге тартқан қаржы пирамидасы әшкереленді
Аталған қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қалалық прокуратура азаматтарды сақ болуға және жылдам әрі кепілдендірілген табыс уәделеріне сенбеуге шақырады.
Еске салайық, пирамида ұйымдастырушылары Туғанбаев Н.М.-нің басшылығымен азаматтарды ай сайын 30%-ға дейін табыс түседі деген уәдемен тартқан.
Бұған дейін «Asar Baspana» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардан 1,2 млрд теңге және 13 автокөлік тәркіленген болатын.