Фото: Ашық дереккөз
Баға 1 ай ішінде қалай өзгерді?
Krisha.kz мониторингі көрсеткендей, Қазақстан бойынша орта есеппен пәтер бағасы желтоқсанмен салыстырғанда 2%-ға қымбаттаған.
Қаңтар айындағы ең жоғары өсім:
- Астанада: +5,2%;
- Көкшетауда: +3,2%;
- Қарағанды мен Өскеменде: +3,0%;
- Семейде: +2,8%.
Қалған қалаларда баға өсімі 1-2,6% аралығында болды.
Бағаның аздап төмендеуі тек екі қалада тіркелді:
- Алматыда: - 0,1%;
- Ақтөбеде: - 0,4%.
Екінші нарықтағы шаршы метр құны
Қаңтар айының қорытындысы бойынша ел аумағында екінші нарықтағы тұрғын үйдің орташа бағасы 1 шаршы метр үшін 419 126 теңгені құрады.
Ең қымбат қалалар:
- Алматы − 804 695 теңге;
- Астана − 601 740 теңге;
- Шымкент − 490 000 теңге.
Ең арзан қалалар:
- Қызылорда − 269 083 теңге/шаршы м;
- Тараз − 321 653 теңге;
- Ақтөбе − 324 013 теңге.
Баға бір жылда қалай өзгерді?
2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда Қазақстанда екінші нарықтағы тұрғын үйдің орташа бағасы 9%-ға өсті.
Ең жоғары жылдық өсім Ақтауда (+22,7%), Астанада (+16,2%) және Қостанайда (+13,5%) тіркелді.
Шымкент пен Алматыда бір жылдағы баға өсімі 6-8% аралығында болды.
Бағаның төмендеуі бірде-бір қалада байқалған жоқ.
Пәтер бағасының өзгеру тарихын қалай көруге болады?
Бұл – қалалар бойынша ұсыныс бағаларының орташа көрсеткіштеріне жасалған шолу.
Ал нақты бір пәтердің бағасы қалай өзгергенін білу үшін Krisha Plus арнайы сервисін пайдалануға болады.
Аталған сервис бағаның өзгеру графигін және пәтердің қанша уақыттан бері сатылымда тұрғанын көрсетеді. Бұл сатушының саудаласуға қаншалықты дайын екенін бағалауға көмектеседі.
Елімізде тұрғын үйді жалға алу бағасы өсті. Баспана қай аймақта қымбатқа түседі?