ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен әуетасымалдаушы жағдайды мұқият бақылауда және әуе кеңістігі ашылғанда әуе компания тұрақты рейстерді орындауды жалғастырмақ. 2019 жылғы 11-30 сәуірде Қазақстанға оралатын жолаушыларға әуекомпания билеттерін интерлайн-серіктестер рейстеріне қайта брондайды немесе жолаушылар билеттерін айыппұлсыз сатып алған орында немесе әуекомпанияның брондау және ақпарат орталығының сall.centre@airastana.com адресі не +7 (727) 2444477,+7 (717) 2584477 телефондары арқылы қайтара алады.