Заң • 11 Қаңтар, 2026

Қазақстанда амнистия аясында 2 мыңнан астам адам бостандыққа шықты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 2 мыңнан астам адам босатылды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда амнистия аясында 2 мыңнан астам адам бостандыққа шықты

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.

Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды

Комитеттің дерегінше, амнистияны қолдану бойынша соттар жалпы саны 15 970 ұсынысты қараған.

− Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 2 мыңнан астам адам босатылды. Олардың қатарында әйелдер мен кәмелетке толмағандар да бар, − делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар амнистия аясында 11 мыңнан астам сотталған азаматтың жаза мерзімі қысқартылған.

Депутат сотталған әйелдерге амнистия жариялауды сұрады

 

Соңғы жаңалықтар