Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2018

Шипасы дәру, шапағаты мол

823 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Танымал тұлғалардың ел алдындағы еңбегі мен ерлігі, ізгі істері келер ұрпаққа өнеге әм мұра болып қалады. Мәселен, ертеде ата-бабаларымыз туып-өскен кең байтақ даланың әр сүйем жерін қорғап қалу жолында күресуіне, қан төгуіне тура келді. Сондықтан қазақ баласы үшін ата-тегі мен өскен ортаның өткені мен бүгінін білу артық емес. Өйткені кешегісіз бүгін, бүгінсіз болашақ болмасы белгілі. Ұлт жадында заманында батыр, би болған Сартай атамыз ерекше орын алады. Жау жан-жақтан анталаған қиын-қыстау кезеңде 1711 жылы арғы атасы Ақназар ханның оң қолы болып Сауранды билеген Қосқұлақ бидің баласы, атақты Байжан бидің отбасында тұңғыш сәби дүниеге келді. Ол Арал теңізі мен Сыр бойындағы Әлім Шектісінің жақайым руынан шыққан атақты би әрі батыр Сартай Байжанұлы еді.  

Шипасы дәру, шапағаты мол

Сартай жау­дан елді азат етуге аттанарда тоқсан сегіз жастағы әкесі Байжаннан бата сұрайды.

Байжан бидің баласына берген батасы былай өріледі: 

Қолыңды жай жан балам,

Дұғаға толсын уысың. 

Дәулет беріп жасаған,

Мол болсын бағың, ырысың. 

Бағың өрлеп биікке.

Тарасын елге дыбысың.

Жау ішіне кіргенде,

Көрінсін көпке ұрысың.

Ел ішіне келгенде,

Әділдік пен әдеппен,

Жұртқа жақсын жүрісің.

Орайы келіп тез бітсін,

Қолыңа алған жұмысың.

Ауызыңа қарасын,

Үш арыс қазақ жынысың.

Жасаған ием жар болып, 

Аллаһу акбар, дұғамның

Қазағым көрсін ырысын.

Сартай «мың баламен» жау шетіне қарай атқан оқ­тай ұм­тыл­ды. Оның сарбаздары Шу, Отар, Сарысу, Есіл бойы, Балқаш көлі ма­ңында, Ұлытау үшін Бұ­ланты мен Білеуті өзен­дерінің арасындағы Қал­мақ­қырылған және Аңырақай шайқастарына қатысты. Осылайша халқының мәр­тебесін асыруға үлкен үлес қосып, талай ерліктер жасады. Сартай Қазыбек би­дің бастауымен барша ру­ды қазақтың басты жауы жоң­ғарлармен күреске жұ­мылдырды. Ұлы жүз бен Орта жүздің жаушыла­рын Мұғалжар тауы маңында қарсы алып, олардың Кіші жүз жеріндегі кезде­сулеріне жағдай жасады, сар­баз­дарымен қауіпсіздігін қам­тамасыз етті. Сартай бар ғұмырында ел қорғаған сардар ретінде талай шай­қастарға қатысты, Әлім руының қара қылды қақ жарған биі ретінде талай дауларға төрелік айтты. Оның әулиелік қасиеті де елді тамсандырған. Өзінен кейінгі үш ғасырда ел, жер, адамдар қалай өзгеретінін дәл болжаған дала данагөйі деуге болады. Бір ғасырға жуық ғұмыр кешкен Сар­тай баба бейіті қазіргі Қы­зылорда облысындағы Қа­залы ауданы орталығынан 63 шақырым қашықтықтағы Қызылқұмда, діни ұстазы Қасымқожа мен атақты Жа­лаңтөс батыр ұрпағы Дәу­лет бақсы бейіттерінің жанында. 

Сондықтан халқымыз­дың еркіндігіне қол жет­кізуге атса­лысқан Сартай мен «мың бала» қолының өшпес ерліктерін көрсету, бүгінгі ұрпақты па­триоттық-отансүйгіштік сезімге, ұлтын құрметтеуге баулу мақ­сатында қазақ батыры Сартай Байжанұлы бастаған «Мың бала» жорығына арнайы ескерткіш орнатылуы, өңірлер мен қалаларда көше атауы беріліп, білім және тәрбие беру ошақтарында олардың ерлігі мен өмір жолдары кеңінен дәріптелуі тиіс. Өйткені «Ат тұяғын тай басар» демекші, ата-бабалар өнегесін үлгі тұтып, ұрпақ тәрбиелейтін, ата жұртын қасық қаны қал­ғанша қорғайтын жас буын өсіп келеді. Сар­тай Байжанұлынан та­ра­ған ұрпақ бүгінде елі­мізге, тәуелсіздіктің ны­ғаюына аянбай еңбек ету­де. Айталық, Сартай ата­мыздың бір ұрпағы республика көлемінде және ше-т­ел­­­­дерге белгілі, Невада-Семей қозғалысына айтулы үлес қосқан Жанарыс Еңсепов.

Иә, бастапқыда өз кө­зімізге өзіміз сенбедік. Ол тілсізге тіл бітіріп, шарана дауысын сан жыл бойы ести алмаған аналардың бауырына сәби беріп, үміт­терін үзіп бақилыққа бел буған жандардың жанарына үміт отын жағып, түрлі сырқатқа душар болған адамдардың жанына жаз көктемін ұя­латып келеді. 

Халыққа адал да ардақ­ты іс жасаған қандай ға­нибет! Алланың аманатымен берілген көріпкелдік қасиеті алдына мұң-мұқ­тажын айтып келген, Жа­рат­қанға жалбарынған жан­­дарға өмірден үміт үз­беуіне ишарат білдірді. Жанарыс Жақ­­сылықұлы белді бекем буып, құдіреті күшті бұйрықты орын­дауға тәуекел етті. Адам­дарды емдеуге кіріскен Жанарыс Жақ­сылықұлының ұс­та­нымы – ана тілін қадірлеу, отбасының береке-бірлігін сақ­тау, қазақтың санын кө­бейту. Шипа іздеген хал­қына жан жылуын сыйлап, шапағатын тигізген табиғи дарын иесіне ризалығын білдірушілер жетерлік. Мәселен, Жанарыс Жақ­сылықұлы мұрағатына зер салсаңыз, ем қонып, шипа да­рыған, яғни жақсы нәтиже болған жандардың жазған хаттары бар. Батпандап кірген дерт мысқалдап шы­ғады. Сондықтан ұшық­тай сала жазылды деуге болмас. Бәріне шыдам, уақыт, сенім, тазалық керек. Қаншама адамдар отбасылық жағдайын айтып жылап келеді. Бірі не­сиесін төлей алмай жүрген адамдар, жігіті алдап жүкті болып қалған қыздар, обыр ауруына шалдыққан нау­қастар жә­не қызметтік мансабында жо­ғарылағысы келетіндер Жан­арыс емшіге келеді. Жұ­мысы алға бас­пай, жолы ашылмай жүр­ген адам­дардың да талапта­рына нұр жауып, қуанып жүргендері көп.

«Басқа түскен баспақ­шыл». Біз де көптеген дәрі­герлер мен ем­шілерге барып, денсау­лығы­мызды қайда емдетерімізді біл­мей жүрген жандардың бірі едік. Түрлі обыр, қалқанша безі, гайморит, соқыр, са­ңырау, де­мікпе ауруларынан жазылып, сырқат кезде қолданған аппараттарын тастап кетіп жат­қандардың ризашылығы көңіл толқытады. Айталық, обыр – емі жоқ аурулардың бірі. Қазақ­та мұны «жаман ауру» деп те айтады. Бұл айналасындағы сау тіндерді жейді. Қан арқы­лы көрші мүшелерге таралып, зақымдайды. Жанарыс Жақ­сылықұлының емінен кейін іштегі рак клеткалары науқастың денесінен қан кету, құсу, іш өту арқы­лы сыртқа шығарылады. Науқас құлан-таза аурудан айығады.

Ел арасында «Қыдыр ата» атанған Жанарыс Ең­сепов – білгір диагнозшы. Ерекшелігі, ол адам ана­томиясы мен физиологиясынан толық хабардар. Жанарыс ем арасында адамдармен сөйлесіп, олардың ойын түрлі сұрақ қою арқылы ұғады. Адам пиғылының бұзылуы, мас­күнемдік, наша­қорлық, бел­сіздік, бедеулік, әлсіз­дік бел­гілері Жанарыс Жақ­сы­лықұлын алаңдатып отыр­­ған басты мәселелер са­­натында. Сон­дай-ақ ол адамдарды сыр­­қа­ты­нан айық­тырып қана қой­май, рухани тазаруға, адам­гер­шілікке, адалдыққа, шын­дыққа тәр­биелейді.

Орынбек ШАРИПОВ,

Индира БАРМАҒАНБЕТОВА 

АҚТӨБЕ

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024