Қаржы • 15 Маусым, 2017

Mastercard пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз экономиканы дамытпақ

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана экономикалық форумы аясында Mastercard халықаралық төлем жүйесі мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасында инновациялық төлем технологияларын енгізу мен қолма-қол ақшасыз экономиканы дамыту бойынша ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Mastercard пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз экономиканы дамытпақ

Меморандумға Mastercard-тың Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армениядағы басшысы Алексей Малиновский мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов қол қойды. 

Серіктестер қаржы орталығының инновациялық инфрақұрылымын дамытуды, оның ішінде замануи төлем технологияларын белсенді пайдаланбақ. Меморандумға қол қою рәсімі Астана Экономикалық Форумы аясында өткен технологиялардың қаржы орталықтарының дамуына әсер етуі туралы сессиядан кейін жасалды.

«Заманауи төлем технологияларының кең таралуы кәсіпкерлер, қаржылық ұйымдар мен мемлекет үшін жаңа мүмкіндіктер бермек. Mastercard ұсынатын шешімдер әртүрлі салаларда: қала мен аймақты басқару, транспорт, қызмет көрсету саласы, туристік бизнес, білім саласында пайдаланылады. Mastercard пен АХҚО арасындағы серіктестік Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз экономиканың дамуындағы маңызды қадам болмақ», - деді Mastercard-тың Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армениядағы басшысы Алексей Малиновский.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Басқарушысы Қайрат Келімбетов «Біз Mastercard-пен арадағы ынтымақтастықты қолдаймыз, себебі, сол арқылы қаржы орталығының резиденттеріне технологиялық және тиімді орта құру бойынша экспертиза мен халықаралық тәжірбиеге қол жеткізе аламыз. Бұл АХҚО-ның сәтті дамуына әсер етеді және Қазақстан бойынша болашақтың ақылды қалаларының инновациялық инфрақұрылымының алаңқайы ете алады», - деді.

Серіктестіктің маңызды бөлігі қаржы қызметінің қолжетімді болуын қамтамасыз ететін біріккен жұмыс, ол өз кезегінде әлеуметтің қаржылық сауаттылығының өзегі болмақ.Осы мақсат үшін тараптар білім бағдарламалары мен кампанияларын құруды жоспарлап отыр.

Мұнан өзге, Mastercard АХҚО финтех-стартаптары акселераторын құруды қолдайды, осы арқылы бұл салаға өзінің ерекше ғаламдық тәжірбиесін әкелмек. 

Mastercard Қазақстанда 22 жылдан бері жұмыс істеп келеді және біртіндеп мемлекеттің қолма-қал ақшасыз экономикасын дамытуда. 
Төлем жүйесі Қазақстан нарығында инновациялық төлем шешімдерін енгізу үшін ірі банктермен, сауда-сервистік кәсіпорындармен және нарықтың өзге де қатысушыларымен жұмыс істеп келеді. Тек соңғы жылдары төлем жүйесінің банк-қатысушыларының саны екі есеге артты. 
Жаңа банктерді қосуға, технологиялық және өнімдік инновацияларды енгізуге қатысты жұмыстар жалғасып жатыр.

Бауыржан Мұқанов,

"Егемен Қазақстан"

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024