Парламент • 15 Маусым, 2017

Сенаторлар Ұлттық ұлан туралы заңды іске асыру мәселелерін талқылады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері  еліміздің Ұлттық ұланының жедел мақсаттағы астаналық бригадасында (5573 әскери бөлімі) болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.

Сенаторлар Ұлттық ұлан туралы заңды іске асыру мәселелерін талқылады

Сенаторлар әскери бөлімнің материалдық техникалық жағдайымен, әскери қызметшілердің тұрмыс-тіршілігімен, қару-жарақ және байланыс құралдары көрмесімен, сондай-ақ жедел мақсаттағы бригаданың және «Бүркіт» арнайы отряды жеке құрамының жабдықталуымен танысты. 

Комитеттің көшпелі отырысы барысында Ұлттық ұланның қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы туралы» заңды іске асыру мәселелері бойынша баяндама жасады.

Елбасының шешімімен құрылған 5573 әскери бөлім Елордадағы қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге арналған.

Әскери қалашықтың инфрақұрылымы жеке құрамның кәсіби шеберліктері жоғары деңгейде болуына мүмкіндік береді. Онда техникалық қызмет көрсету орындарымен жабдықталған автомобильдік парк, әскерилердің дене шынықтыруына мүмкін жағдайлардың барлығы қарастырылған екі қабатты спорт кешені мен заманауи үлгіде жабдықталған мультимедиялық нысана көздеу тирі бар. Сонымен бірге стадион, спорттық және оқу ғимараттары, 60 орындық лазарет және 100 орындық амбулаториялық емдеу мекемесі бар.

Әскери қалашықта офицерлер мен келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері  үшін 104 пәтерлі тұрғын үй салынды.

Көшпелі отырыс барысында сенаторлар Ұлттық ұлан туралы заңды жүзеге асырудың өзекті тұстары мен әскерилерді әлеуметтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді талқылады.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024