Аймақтар • 15 Маусым, 2017

Атырауда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 317 млн теңге қарастырылған

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық балалардың жазғы дем­алы­сын ұйымдастыруға биыл 317 млн 216 мың теңге қаражат қаралған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға көп.

Атырауда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 317 млн теңге қарастырылған

Мектеп жанындағы лагерьлерден бөлек, жергілікті «Арай», «Жас өрен», «Бесікті», Железновод қала­сындағы «Қазақстан геологы» лагерь­лері оқушыларды қабылдайды. Көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары мен үздік оқу­шылар «Машат-Арасан», «Бөбек», «Балдәурен» демалыс орын­дарына бара­ды. Ал ата-ана қамқор­лығынсыз қал­ған 40 бала демеушілер қаражатымен Италияға саяхаттайды. 
«Жазғы демалыстағы іс-шара­лар­мен оқушылардың 98 пайызы қам­ты­лады», дейді облыстық білім беру бас­қармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова. – Биыл мектеп жанындағы лагерьлерде оқушылардың ағылшын тілін терең меңгеруіне мән беріледі. Бұл жұмыстарға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік уни­вер­ситетінің және Қ.Дүтбаева атын­дағы Атырау педагогикалық кол­леджінің студенттері тартылып отыр». Ал Астанада өтетін халықара­лық ЭКСПО-2017 көрмесіне Атырау облысынан 11 500 оқушы, 1500 сту­дент және 2000 мұғалім барып, ма­ңыз­­ды шараны тегін тамашалайды. 

Бақытгүл Бабаш,
«Егемен Қазақстан»

Атырау
 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024