Аймақтар • 15 Маусым, 2017

Бала батыр

346 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Оңтүстікте күн қыза түсті. Алып күн тас төбеден төнгенде, тір­шілік атаулыны табаға салып қуырғандай болады. Аптап мазасын алған жандардың бәрі шыбын жанға сая болар жер іздейтіні анық.

Бала батыр

Мұндайда ойын балаларына қиын. Ауыл іргесінде күмістей жылтырап өзен ағып жатқаннан кейін үлкендердің көзін ала беріп суға күмп береді. Сарыағаш ауданы Бағыс ауылында да осындай жағдай орын алды. Таудан құ­лап аққан арық маңындағы ба­ла­лардың қасында қалталақтап жүр­ген бір жарым жасар Ержан су­ға құлап кетеді. Үсті тынық бол­ғанымен, ағысы қатты тау суы бүлдіршінді қақпақылға алып ала жөнелген.
Кішкентай Ержанның көрер жа­рығы бар екен. Осы мезетте үйі­нен шыққан он үш жасар мектеп оқушысы Демежан Ал­тай кө­мек сұраған балалардың шыры­лын естіп, мән-жайға қанық­қан соң суға қарғып кетеді. Бір ба­тып, бір шығып бара жатқан сә­би­ді қуып жетіп, жағаға алып шы­ғады. Тау суының ызғары өтіп кет­кен сәби көкпеңбек болып та­лып жатыр. Демежан Алтай жа­ғаға жатқызып кеудесін басып, жа­санды дем алдырғанда көгеріп жат­қан сәби есін жинайды.
Кейін құтқарушылар келгенде он үш жасар баланың еш сас­пай алғашқы медициналық көмекті сауатты жасағанына таң­­да­ныстарын білдірген. Кейде аб­ды­раған үлкендердің өзі мұн­дай­да асып-сасып қалар екен.
Сәбиді құдай бір ажалдан қағыпты. Анығы, сол күні таңертеңгілік Демежан жа­рысқа кетуі керек болған. Бі­рақ, бір себептермен аялдап қа­лып­ты. Егер ол үйден бірер минут кеш шықса, Ержанның жарық әлем­мен қоштасуы әбден мүмкін екен.
Бүгінде жеткіншек Демежан Алтайдың ерлігі өз туған ауылына ғана емес, елге үлгі болып жатыр. Облыстық төтенше жағ­дай­­лар департаменті ержүрек ұлан­ды медальға ұсынбақ ниетте. Жа­қын­да өз тараптарынан алғыс хат тапсырды.
Осындайда еске түседі. Ақтөбе қаласында канал суына екі бірдей бала батып, көмек сұ­ра­­ғанда жағадағы ересектер құт­қа­руға ұмтыла қоймапты. Бұл – нағыз ездіктің белгісі. Біреуге оқ тиіп, болмаса машина апатына тү­сіп жаны қиналып жатқанда, ұя­лы телефонмен таспаға тартып, әлеу­меттік желіге сала­тындар да кө­бейіп келеді. Бұл – азғындық. Ал Демежан Алтайдыкі нағыз ер­лік. Ол – бейбіт күннің батыры. Із­гілік пен ұлттық патриотизмге мысал іздесеңіз, шартарапқа ша­был­май-ақ қойыныз, Демежан си­­яқты жалынды жастар жа­ны­ңыз­да жүр.

Бақтияр Тайжан,
«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы
 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024