Қазақстан • 15 Маусым, 2017

Қарағандыда ха­лық­ара­лық «Айбын» әс­ке­ри-пат­ри­от­тық жастар жи­ыны ашылды

414 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу ор­та­лығы полигонында Қа­зақстан Рес­пуб­ликасы Қа­ру­лы Күш­те­рі­нің 25 жыл­ды­ғына орай­лас­ты­рылған ха­лық­ара­лық «Айбын» әс­ке­ри-пат­ри­от­тық жастар жи­ынының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қарағандыда ха­лық­ара­лық «Айбын» әс­ке­ри-пат­ри­от­тық жастар жи­ыны ашылды

Бүгінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы өзінің әрбір Жолдауында қазақстандық пат­ри­отизмді, ұлттық идеология­ны дамытуды, оның ішінде, әсі­ресе, жас азаматтардың ара­сын­да кеңінен насихаттауды бас­ты құндылықтардың қата­ры­на қоятыны баршамызға мә­лім. Осыған орай, жастар сая­са­тын жүзеге асыру аясында әс­ке­ри-патриоттық тәрбие беру ша­раларын өткізу маңызды ба­ғыттардың бірі болып табы­лады. Биыл аталған әскери-пат­риоттық жиын алғаш рет ха­лықаралық деңгейде, Ре­сей Фе­дерациясынан келген ко­манданың қатысуымен өт­кі­зі­ліп отыр. 
Сондай-ақ, жиын ба­қы­лау­шы­сы ретінде Өзбек­стан­нан ар­найы қонақтар шақыртылған. Би­ылғы жылы жиынға 600-ден аса қатысушы бақ сынауда. Олар­дың қатарында респуб­ли­ка өңірлеріндегі әскери-пат­ри­оттық клубтардың тә­р­би­е­-
­ле­нушілері, Астана, Шым­кент, Алматы, Қарағанды қа­ла­ларындағы «Жас ұлан» рес­­пуб­л­икалық әскери мек­теп­те­рінің, «Арыстан» маман­дан­дырылған лицейінің, Пав­ло­дар қаласындағы әскери мек­теп-интернатының, Се­мей қа­ла­сындағы ма­ман­дан­ды­рыл­ған «Жас ұлан» ер балалар мек­­тебінің тәрбиеленушілері жә­не Ресей Федерациясы Орынбор президенттік кадет учи­лищесінің тәрбиеленушілері бар. «Айбын» жастар жиыны мау­сымның 13-і мен 17-і ара­лы­ғында төрт күнге созылады. 
Салтанатты шараның ал­ғы­сөзінде Қорғаныс министрінің орын­басары, генерал-лейтенат Талғат Мұхтаров айтып өт­кендей, бұл жылы әскери-пат­риоттық жиынға көптеген өз­герістер енгізілген. Жиын бағ­да­р­ла­масы «Эрудит» интеллек­ту­ал­ды ойыны, «Менің роботым» ро­бо­техникалық конкурсы, пнев­­матикалық винтовкадан атыс, белағашқа тартылу, әскери кросс, командалық пейнтбол ойыны, мега-арт «Айбын дауысы» фестивалі, «World of tanks» компьютерлік ойынын қам­т­ыған.  


Халықаралық жиынның сал­танатты ашылуында қо­нақ­тар 22750 ә/б әскери қыз­мет­керлерінің қоян-қолтық ұрыстарын, Құрмет қарауылы р­отасының шеберліктерін, ар­найы мамандандырылған жа­сақ­тардың көрсететін көрі­ніс­те­рін, артиллерия және авиация қолдауымен көрсетілетін әс­кери эпизодтарды, Қарағанды қаласының әскери-техникалық мектебінің мотоциклистерінің ше­берлігін тамашалады.
«Айбын» жастар жиыны отан­сүйгіштіктің, достықтың, тұл­ға болып қалыптасудың шынайы мектебі. 
– Біз – бірлік туын берік ұстаған, баршаға үлгілі көп ұлтты елміз. Сондықтан да біз үшін жастардың рухани-адамгершілік және дене тәрбиесімен әскери қызметке дайындығымен айна­лысуы өте маңызды. Бұл өз ке­зегінде мемлекетке жастарды патриоттық тәрбиелеудің жа­ңа моделін қалыптастыруға кө­мектеседі. Аталмыш жиын әс­кери-патриотттық ұйымдар қозғалыстарын жандандыру жұ­мыстарын атқарады жә­не ба­лалар мен жастарды қазақ­с­тандық отаншылдыққа тәр­би­елеуге бағытталған жобалар­ды іске асырады, – деді Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әс­кер­ле­­рі бас қолбасшысының оры­н­ба­­сары Дулат Адырбеков.
Іс-шараның ашылу салтанатында, сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Ақылсерікұлы сөз сөй­леді. «Мұндай, «Айбын» сын­ды әскери-патриоттық жас­тар жиынын өткізудегі негізгі мақ­сат – әскери қызметті насихаттау, Қазақстан Республикасы Қ­а­рулы Күштерінің имиджін арт­тыру, әртүрлі елдердің жас ар­мияшылары бірлестіктері ара­сындағы ынтымақтастықты ны­ғайту болып табылады», – де­ді аймақ басшысының орынбасары.
Жиын барысында балалар бі­регей дайындық мектебінен өтіп, қазақстандық армияның за­манауи техникасы мен қару-жарағын тамашалап, өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін сынап көрмек. Сондай-ақ, тәжірибе жинақтап, жаңа достар таппақ. 
«Мен осы жарысқа бірінші рет қатысып тұрмын. Біздің команданың мақсаты – жеңіске жету. Аянбай еңбек етуге дайын-
быз. «Айбын» жарысына өзім құрастырған робот-техникамды әкелдім. Ол – лего-барлаушы робот деп аталады. Ерекшелігі, адам денесі сыймайтын қуыстарға кіріп, берген пәрмендерімді бұлжытпай орындайды. «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынына келген барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін», – дейді Астана қаласындағы армия генералы Сағ­дат Нұрмағанбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мек­­тебінің тәрбиеленушісі Cұл­тан Амангелді.
Жастардың жігерін жанитын жиынға биыл осылайша серпін берілмек. Алдыңғы екі жылдың табысты нәтижелері де биыл еселеніп, дода қызу әрі тартысты өтетініне де сенімдіміз. Күш-жігерлерін тасып, абыройларың арта берсін, айбындықтар!

Мирас Асан, 
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы
 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024