Қазақстан • 15 Маусым, 2017

Парламент Сенаты депутаттарын сайлауға байқаушылар аккредиттелді

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің 54 байқаушысын аккредиттеді.

Парламент Сенаты депутаттарын сайлауға байқаушылар аккредиттелді

Бұл шара Орталық сайлау ко­мис­сиясының «2017 жылғы 28 мау­сым­ға тағайындалған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Сенаты­ның депутаттарын сайлауға ха­лық­­­ара­лық ұйым мен шет мем­лекеттердің бай­қаушыларын ак­кре­диттеу туралы» қау­лысының не­гі­зінде жүзеге асырылды. 
Аталған қаулыға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Респуб­ликасы Сырт­қы істер министрлігінің ұсы­нуы бойынша ТМД-дан Бай­қаушылар миссиясының құ­рамында 40 байқаушыны, шет мем­лекеттерден 14 байқаушыны аккре­диттеді. Сонымен қатар, Сыр­тқы істер министрлігі 2017 жыл­ғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 15 мемлекеттен, сондай-ақ, сайлауды байқауға қатыса алатын шетелдік БАҚ-тардың 116 өкі­лін аккредиттеді. 
Шет мемлекеттер мен ха­лық­­­аралық ұйымдардың бай­қау­шыларын аккредиттеуді Орт­сайлауком 2017 жылғы 22 маусымға дейін жалғас­ты­рып, жүзеге асырады. Осы мәселелер жөнінде айтқан сөзінде Ортсайлауком мүшесі М.Сәрсембаев сайлаудың жанама болғанына қарамастан, сайлау нау­қанына деген қызығушылықтың жоғары екенін атап көрсетті. Аккре­дит­теу процесі жалғасып жатыр.

«Егемен-ақпарат» 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024