Қоғам • Бүгін, 13:00

Қостанайда 16 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай жағдай – тексеру барысында анықталған. Бұл туралы Қостанай облысы прокуратурасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда 16 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Фото: istockphoto.com

Пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілген жер учаскелері лицензиясының қолданылу мерзімі аяқталғаны және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мерзімінен бұрын тоқтатылғаны анықталып отыр.

«Соған қарамастан, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 21 және 107-баптарының талаптары бұзылған, олардың одан әрі иеленуі үшін құқықтық негіздері жоқтығына қарамастан, жер шаруашылық жүргізуші субъектілерге есептелуін жалғастырған», делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша құны 625 млн теңгеден асатын 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.