• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Мамыр, 2020

Қазақстан халқының бірлігі күні алматылықтар елордаға жеткізілді

154 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыдан алғашқы рейс Нұр-Сұлтан әуежайына келіп қонды.

Ішкі әуе қатынасы әзірше Нұр-Сұлтан ‒ Алматы бағыты бойынша жұмыс істеп тұр. Бірнеше күннен кейін тағы бірқатар бағыттар ашылады. Дегенмен, жолаушылар ұшақ бортына коронавирус инфекциясын жұқтырмағаны туралы анықтамасы болған жағдайда ғана міне алады.Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында ұшақтар күніне үш рет ұшатын болады. 4 мамырдан бастап қазақстандықтар елорда мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семей қалаларына ұша алады. Еліміздің басқа қалаларында әзірге қатаң карантин режимі алынған жоқ.

Соңғы жаңалықтар