2025 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша алдын ала іріктеуден өткен жұмыстар бойынша ақпарат белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына сәйкес Комиссия отырысының қорытындысы бойынша алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі кеңінен талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk сайтында жарияланды.
Осы жұмыстар бойынша пікірлер 2025 жылғы 1 тамызға дейін Астана қ., «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 935-кабинет мекенжайы бойынша бойынша қабылданады.