• RUB:
    6.61
  • USD:
    518.5
  • EUR:
    601.62
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:45

Қырғызстанда жер сілкінді

20 рет
көрсетілді

26 маусым күні Астана уақытымен 06:48-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады. Жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,2 балл, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының деректеріне сәйкес, зілзаланың эпицентрі Қытайдың Тумшук қаласынан 215 шақырым батыс-солтүстік-батысқа қарай және Қырғызстанның Нарын қаласынан 104 шақырым шығысқа қарай орналасқан.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты болса, зілзала ошағы Жаңы-Жер жотасында, Нарын қаласынан 96 шақырым оңтүстік-шығыс бағытта орналасқанын нақтылады.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.