• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 09:39

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды

60 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, оның ішінде 74 қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, деп жазады Egemen.kz.

Сондай-ақ айналымнан төрт мыңнан астам оқ-дәрі алынған. 27-29 сәуір аралығында елде «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілген. Үш күн ішінде 67 атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленген. 27 сәуір күні Алматы қаласында полиция қызметкерлері Сайран көлінің жағасынан қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды анықтады.

ІІМ заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертіп отыр. 

Автономды қару-жарақ жүйелерінің мәселелері талқыланды

 

Соңғы жаңалықтар