Өскемен қаласында «Қазцинк» зауытында болған жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 9-ға жетті. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнына 5 жедел жәрдем бригадасы жіберілген.
«Екі науқастың жағдайы ауыр. Бір зардап шегушіні «Қазцинк» өкілдері ауруханаға жеткізді. Тағы бір адамға медициналық көмек оқиға орнында көрсетіліп жатыр», делінген хабарламада.
Өскемендегі жарылыс: Төрт адам ауруханаға жеткізілді
Өрт оқшауланғанымен, құтқарушылар үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі бұған дейін 4 адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатын.
Өскемендегі зауыттардың бірінде жарылыс болды
Нұрболат АМАНБЕК