• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

Жануар тілін түсінеді

20 рет
көрсетілді

Қытайдың «Baidu» компаниясы жасанды интеллект негізінде жануарлардың сезімін анықтап, оны адам тіліне аударатын ерекше жүйе ойлап тапты.

Жаңа технология 2024 жылдың желтоқсанында патенттеліп, жақын­да ресми түрде жарияланды. Жүйе жа­нуардың дауысын, қимылын, физио­ло­гиялық белгілерін талдап, оның көңіл күйін анықтайды. Сосын бұл ақпарат машиналық оқыту мен табиғи тіл өңдеу арқылы адамға түсінікті формада жеткізіледі. Егер жүйе білмейтін дыбыс­ты естісе, оны белгілеп алады. Кейін дыбыс зерттеліп, құрылғыға түсіндіріледі.