• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:52

Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

20 рет
көрсетілді

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан дзюдошылары күміс медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыс бағдарламасының соңғы күні аралас командалар арасында сайыс өтті. Финалда Қазақстан құрамасы Моңғолиямен кездесті.

Қарсылас команда 4:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде Дана Әбдірова (57 келіге дейін), Әнуар Жұмагелдин (73 келіге дейін), Аида Тойшыбекова (70 келіден жоғары) және Ғалымжан Қырықбай (90 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.

Еуропа кубогі: Қазақстан дзюдодан алтын медаль жеңіп алды

Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін алты жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аруна Жангельдина (78 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар