• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:00

Қырғызстан Қазақстанға тұрақты әуе рейстерін іске қосады

30 рет
көрсетілді

2025 жылдың 27 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Қырғызстандық жаңа «Asman Airlines» авиакомпаниясы кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған компания Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша жолаушыларға арналған тікелей тұрақты рейстерді бастағалы отыр. Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері орындалады.

Сонымен қатар, 3 шілдеден бастап қазақстандық «Fly Arystan» авиакомпаниясы да осы бағытта тікелей рейс ашпақ. Бұл рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Жалпы алғанда, жазғы маусымда Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына 4 тұрақты жолаушылар рейсі орындалады.

«Авиабайланыстың ашылуы екі ел арасындағы туризмді, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді», деп атап өтті Азаматтық авиация комитеті.