«Таза Қазақстан» • 21 Наурыз, 2026
Тазалық – тәртіп пен береке бастауы
Қыстың тоңы жібіп, аязды, ызғарлы күндердің беті қайтқанда жыл басы – Наурыз келеді. Табиғат ана алты айлық ақ мамық қарды қағып-сілкіп, ажарлана түседі. Ұлық мерекемен бірге әр үйге ырыс, береке кіріп, ел-жұрт мәре-сәре болады. Жаңару маусымы арық-атыздың күл-қоқысын шығарудан басталады. Күннің шапағы түскенде диқандар жер жыртса, ауылдағы ағайын қалыптасқан дағдымен отбасы болып ағаш егеді. Дәстүр бойынша «Көрісу күнінен» басталатын «Наурызнама» онкүндігінің «Тазару күнімен» қорытындылануы бекер емес.
Наурызнама • 21 Наурыз, 2026
Наурыз мейрамының тарихы терең һәм күрделі. Соңғы ширек ғасырда Наурыз мейрамының тарихы мен қоғамдық маңызы туралы көп жазылып жүр. Осылардың ішінде көпшілікке белгілі көне дереккөздеріне тоқталғанды жөн көріп отырмыз.
Қоғам • 21 Наурыз, 2026
Ана тілімізді жатқа соғатын «сары қазақ» атанғандар көп. Бірақ олардың ішіндегі Виталий Фаликтің орны бөлек. Оның қазақ тілінде сабақ беретіні емес, домбыраны жан серігі еткені, ұлттық өнердің жанашыры болғаны және таланты сарандықтарды таңырқатты.
Наурызнама • 21 Наурыз, 2026
Тоғызат: атау ма, әлде өркениет моделі ме? (2026 жылғы ғылыми симпозиум негізінде)
Аттылар кеңістігі мен зияткерлік модель Адамзат тарихында манкала типтес зерделі ойындар кемінде төрт мың жыл бойы ойналып келеді.
Наурызнама • 21 Наурыз, 2026
Селтеткізер бердің бе? Ұйқыашар жеп көрдің бе?
Ұлыстың ұлы күнін тойлау жастардың бір-біріне «Селтеткізер» сыйлап, «Ұйқыашардан» дәм татуынан бастау алады. Дана халқымыздан жеткен өлең жолдарына жүгінсек жігіт: «...Өйтетіндей, ес кіріп, ерте тұрып, Өзің маған «Ұйқыашар» беріп пе едің?» дегенде, бойжеткен: «Сыйың бар ма селтеткізер бойым-ды, Сонда білерсің қамаудағы ойымды», деп жауап қатады.