Наурызнама • 21 Наурыз, 2026
Наурыздың рухын асқақтатқан ән
«Наурыз айы туғанда,Той болушы еді бұл маңда.Сақталушы еді сыбаға,Сапарға кеткен ұлдарға,Наурыз айы туғанда…»Көктемнің лебін сездіріп, көңілге қуаныш ұялататын осы бір әуезді жолдарды естіген сәтте әр қазақтың жүрегінде ерекше бір сезім оянады. Өйткені бұл ән – тек әуен ғана емес, ол – халықтың жаны, дәстүрі, тарихы мен рухының үні.
Қоғам • 21 Наурыз, 2026
Наурыз мерекесінің ең маңызды шарты – елдік негіздерді, салт-дәстүрді ұлықтау. Біздіңше, осы негіз бен дәстүрдің жуан ортасында ұстаз тұр. Әліпбиді танытқан – мұғалім, дүниетанымды кеңейткен – мұғалім, мәдениетті үйреткен – мұғалім. Ал бұл деңгей ғылымға ұласқанда, ұстаздың мәні де, мәртебесі де артады.
Таным • 21 Наурыз, 2026
Ата қазақ наурыз айында жауған жұмсақ қарды «Наурызша» деп атаған. Бұл сөздің астарында жылылық, көктемге деген аңсар мен ынтызарлық бар. Әдебиетті жақсы түсінетін адам осы айда жауған қарды көрсе, еріксіз «Қыз-Жібек» жырындағы сәтті теңеуді есіне алады. Ол жырда не деп еді?
Мирас • 21 Наурыз, 2026
Шалқар қаласының жасы үлкен тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Күнімхан Үргенішбаева — он саусағынан өнер тамған ісмер әжелердің бірі. Кезінде қолөнерге пайдаланған құрал-саймандары бүгінге дейін ұқыптылықпен сақталып, немере-шөберелеріне мирас болып отыр.
Қоғам • 21 Наурыз, 2026
Қазақтың келісті келіні атанған Ольга Худянның әкесі – қытай, анасы – украин ұлтынан. Бір қызығы, Ольганың тілі қазақша шығыпты. Әйгілі Қоянды жәрмеңкесі өткен жерде өмірге келген ол өлке тарихын қазақ тілінде тақылдатқанда, таңдай қағып қаласыз. Осындай рухты қыздың Қарқаралыдағы Оқановтар әулетіне келін болуының өзі бір әңгіме.