Өнер • 21 Наурыз, 2026
Осыдан төрт-бес жыл бұрын шығар, шапан кигендер ерекшеленіп көрінетін. Оюлы шапанды Наурызда бір киеміз деген секілді әзіл-шыны аралас пікір де жиі айтылар еді. Қазір өзгерді. Руханият пен мәдениеттің діңгегі бекіп келеді. Басқа жақты білмедім, Шығыста оюлы киім сәнге айналды. Өскемендегі атшаптырым сауда үйлерінің бірінде ұлттық киім шеруі ұйымдастырылып, салтанатты шапандардың дефилесі өтті.
Тарих • 21 Наурыз, 2026
Осыдан тура 100 жыл бұрын, «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылы 22 наурыздағы санында Бейімбеттің «Наурыз күні» деген өлеңі жарияланды. Дәл осы жылдан бері Наурыз мерекесі «ескіліктің қалдығы» саналып, оны тойлауға тыйым салынды. 1988 жылдан бастап Наурыз қайтадан тойлана бастады. Осыған байланысты «Социалистік Қазақстан» газетінің 1989 жылғы 22 наурыздағы №68 санында Бейімбеттің «Наурыз күні» өлеңі қайта басылды.
Тәрбие • 21 Наурыз, 2026
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Тәрбие – тал бесіктен» деген дана халқымыз табиғатты тіршіліктің тұтқасы санағаны белгілі. Байырғы көшпелі дүниетанымдағы ұрпаққа аманат етілген бұл ұғым бүгінде жаңа мазмұнда жаңғырып, экологиялық мәдениетті бала кезден қалыптастырудың маңызы арта түсті.
Қоғам • 21 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында, сондай-ақ Наурыз мерекесіне орай облыс орталығында «Табиғат қанатында – Taza Life» атты экологиялық акция өтті.
Мереке • 21 Наурыз, 2026
2013 жылы жарық көрген жүзтомдық «Бабалар сөзінің» 90-томында жарияланған «Наурыз тойы» атты шағын жырда: «Ата-ана жүзіне, Нұр толыпты үзіле, Ырыс алды ынтымақ, Төрімізге тізіле», деген бір шумақ бар екен.