Саясат • 21 Наурыз, 2026
Алматының экономикалық индикаторы – 9,4 пайыз
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Қабылдау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы мен негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды.
Жасанды интеллект • 20 Наурыз, 2026
Елімізде жасанды интеллект туралы жиі айтылғанымен, саладағы нақты жағдайды бағалау барысында дерекке сүйену маңызды. Осы тұрғыда технологиялық экожүйенің жай-күйін тереңірек бағамдаған «Kazakhstan AI Country Report 2025» зерттеуі жарияланды. Есеп дерегі бойынша еліміз Үкіметтердің жасанды интеллектіге дайындық индексінде 2024 жылмен салыстырғанда 16 саты жоғарылап, 195 елдің ішінде 58-орынға көтерілген. Ал Халықаралық валюта қорының «AI Preparedness Index» көрсеткішінде ел 174 мемлекеттің арасында 48-орында тұр. Бұл еліміздің Орталық Азия кеңістігінде алда екенін білдіреді, бірақ дамыған елдермен иық тіресе қойған жоқ.
Шаруашылық • 20 Наурыз, 2026
Агроөнеркәсібі өркендеген Арқа өңірінің ауыл шаруашылығы саласында табысты өсім бар. Кешенді мемлекеттік бағдарламалар, техника паркін жаңартуға берілетін субсидиялар, арзандатылған жанар-жағар май, тамшылатып суару технологиясы, саладағы цифрлы жаңалықтар Арқа аграрларына серпін беріп отыр.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2026
Табиғаттың оянуын, ынтымақ пен тазалықты білдіретін Жаңару күнінде жаппай ағаш егу, қоршаған ортаны көгалдандыру дәстүрге айналған. Дегенмен бұл игі іс-шараларды көктем ерте шығатын Түркістан өңірінің тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенді атқарып келеді.
Digital • 20 Наурыз, 2026
Қазір қаржы қызметі бұрынғыдан мүлде өзгеше сипат ала бастады. Банктер мен инвестициялық компаниялар атқаратын бірқатар қызметті цифрлық платформалар алмастырып, жасанды интеллект қаржылық талдаудың жаңа құралына айналды. Мұндай үрдісті бүгінде «финтех» (fintech) деп атайды. Бұл атау ағылшынның financial technology – «қаржылық технология» деген сөзінен шыққан. Аталған сала қазір төлем жүйелерімен ғана шектелмей, инвестициялау, бизнес қаржысын басқару, капиталды талдау секілді бағыттарды да автоматтандырып келеді. Мәселен, «Investbanq», «Finflow», «Paidax» сияқты отандық финтех стартаптар жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр.