Қоғам • 21 Наурыз, 2026
Ертіс-Баян өңірінде 62 килограмдық кір тасын кеудесінде ойнататын алып күш иесі тұрады. Нұрлан Көпбергенов – кір тасын көтеруден жаһандық рекордты 16 мәрте жаңартқан әлем чемпионы. Қазақтың мықтылығын әлемге танытып, талай додаларда мықтыларды шаң қаптырған дарабоз ағамыздың ерік-жігері халқымыздың қайсар рухының көрінісіндей.
Экономика • 21 Наурыз, 2026
Мерекелік мәзір: Бағынбайтын баға, тарылмайтын пейіл
Ұлыстың ұлы күні Наурыздың жұртымыз үшін жөні бөлек. Қымбатшылық қыспаққа алып, қысқа жіп күрмеуге келмей тұрса да, мереке күні аста-төк дастарқан жайылып, жер-жерде ұлан-асыр той жасау дәстүрінен ешуақытта жаңылған емес. Осы орайда мейрам қарсаңында елордадағы сауда орталықтарына арнайы барып, халықтың көңіл күй ауанын байқап қайттық.
Кәсіпкер • 21 Наурыз, 2026
Қостанайда жұмсақ құрт, тәтті ірімшік, жент, сүзбе тәрізді ұлттық тағамның неше түрін сататын «Qazaq бренд» атты 5-6 дүкен бар. Қаладағы ағайын қадірлі қонағының алдына тосатын табиғи таза өнімнен жасалған таңсық асын осы дүкендерден алады. Дәмі тіл үйіретін қызылды-жасылды, түрлі түсті ұлттық тәттілер, әсіресе, Наурыз мерекесі қарсаңында жоғары сұранысқа ие.
Қоғам • 21 Наурыз, 2026
Адам капиталы – елді сапаландыратын негіз
Қазіргі жастарды белсенді азаматтық ұстанымға, кәсіби және жеке дамуға ынталандыру маңызды. Бұл туралы Президент іс басқармасы жанындағы Президенттік орталықта өткен панельдік пікірталаста айтылды. Іс-шараға Астана мен Алматы қаласы жоғары оқу орындарының шамамен 60 студенті қатысты.
Пікір • 21 Наурыз, 2026
Ресми жыл наурыз айына ауғанда, Есіл бойына да көктемнің жеткені қапысыз сезіледі. Үш ай бұрын жарияланған «Жаңа жыл» ұғымын табиғат басқаша әйгілей бастайды. Уақыт мазмұнына қатысты пікірталастың төрелігіне жаратылыстың өзі жәрдемге келеді. Мұны Алаш ардағы Ахмет Байтұрсынұлы: «Біздің жаңа жыл... шын мағынасымен жаңа жыл деп айтуға лайық. Күн жылынып, жер қарайып, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп көңілденген кез» деп түсіндіріпті. «Қазақ» газетіндегі (9.03.1913) «Наурыз» атты мақаласында Ақаң маңызды екі ой айтады: 1) Наурыз күнін нақты белгілеу; 2) Ата ғұрыпты ұмытпау.